Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 5 айында Департаментпен 57 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Өндіріспен 35 қылмыстық іс аяқталған, оның 90 пайызы сотқа жолданған.
Сондай-ақ, департамент қызметкерлері, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бағытында нақты көрсеткіштерге және нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Яғни, 2024 жылдың 5 айында аталған бағытта қала аумағында жасырын 5 цех анықталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 233 бабымен 5 қылмыстық іс тіркелді, тергеу нәтижесімен 4-і сотқа жолданды (қазіргі таңда сот қарауында), 1 іс өндірісте.
Қала аумағында орналасқан дүкендерге, сауда орталықтарына заңсыз алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу бойынша ескерту хаттарын берілген. Жыл басынан бері, 58 дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілген.