Мопед мінген 10 жас жігіт түнде Арбатта жиналған. Олар нағыз байкерлерге еліктеп, қаланы аралап шығуды ұйғарған.
Жігіттер өздерін автожолдардың иесі сияқты сезініп, жол үстінде ойларына келгенін істей бастаған.
Полиция департаменті жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы мопедистердің көптеген заң бұзушылықтар жасап жатқанын байқап, оларды ұстау үшін патрульдік полицейлерге бағыт-бағдар берген.
Тәртіп сақшылары «шуылдақтарды» Байтұрсынов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында ұстады.
«Бейберекет жүруді ұнататындар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 615-бабымен ( Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, олардың кейбіріне қатысты бастапқы жиналған орындарында темекі қалдығын және өзге де қоқысты тастағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-2 бабы ( Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша хаттама толтырылды» делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.