Шымкентте «Аяла Голд» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

42

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен «Аяла Голд» қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты.

Зергерлік бұйымдарды сататын компания ретінде тіркелген ұйым шын мәнінде қаржы пирамидасы болып шықты. Күдіктілер азаматтарға ай сайын 50–60% көлемінде кепілдендірілген табыс уәде етіп, инвестиция салуды ұсынған. Сонымен қатар, салымдардың сақталатынына сендірген.

Алайда тергеу барысында белгілі болғандай, табыс нақты экономикалық қызметтен емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен төленіп отырған.

Нәтижесінде, қаржы пирамидасына 400-ден астам азамат тартылып, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам қаражат салынғаны анықталды.

Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табысты жылжымайтын мүлікке салған. Олар бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешенінен екі пәтер сатып алған, сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.

Сонымен қатар, күдіктілер өз туыстарын қаржылық схемаға тартып, оларды «дроппер» ретінде пайдаланған. Яғни салымшылардан түскен қаражатты туыстарының банк шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынып, екі ай мерзімге қамау санкциясы берілді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

 

Алдыңғы пост
Құтқарушылар кір жуғыш машинаға қысылып қалған сәбиді аман-есен алып шықты
Келесі пост
Абай облысында 1,4 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu