Шымкентте ардагерлерге көлік кілті табыс етілді

29

Шымкентте Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында батырлардың ерлігіне тағзым жасалып, құрмет көрсетілді. Бүгінде қалада тек екі жауынгер – Мосунова Нина Егоровна және Төлепбергенұлы Мұраталы тұрады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ардагерлерді атаулы күнмен арнайы құттықтап, Мемлекет басшысының атынан құттықтау хаттарын оқып, сондай-ақ “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл”мерейтойлық медальдарын тапсырды. Майдангерлердің құрметіне аулаларда жеке шерулер ұйымдастырылды. Әр ардагерге демеушілер жаңа көліктердің кілттерін табыстады деп хабарлады Шымкент қаласының әкімдігі.

Нина Егоровна Мосунова 1924 жылы 9 наурызда Ресей Федерациясының Татарстан өңіріндегі Урустамак ауылында дүниеге келген.1942 жылы өз еркімен әскер қатарына алынып, Қазан қаласында телеграфист мамандығын меңгеріп, кейін Горький қаласында осы салада жұмыс істеген. 1943 жылы майдан шебіне аттанып, Можайск маңындағы шайқасқа пулеметші ретінде қатысқан. 36-шы әскери бөлімнің «Зенит» бригадасында қызмет атқарып, радистер бөлімінің командирі болған. Соғыстан кейін Башкириядағы Октябрьск қаласында кассир болып еңбек еткен. 1948 жылы елге қоныс аударып, Шымкент қаласында кітапханашы болып жұмыс істеген. Ал 1967 жылы «КазЮгвзрывпром» мекемесінде хатшы-машинист қызметін атқарды. Жауынгерлік ерлігі үшін «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Бүгінде Нина Егоровна — бір баланың анасы, екі немере, бес шөберенің әжесі.

Қос батырдың бірі, Мұраталы Төлепбергенұлы 1925 жылы Жаскешу ауылында дүниеге келген. Жас сарбаз 1943 жылы небәрі 18 жасында қолына қару алған. Соғыс жолы Брест қамалынан басталып, Варшава, Данск, Виссмарк, Биттенберг және Перлеберг секілді қалаларды азат ету шайқастарымен жалғасады. Жауынгер Жеңісті Германияның Биттенберг қаласында қарсы алады. Елге тек 1950 жылы оралды. Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде трактор бригадасын басқарды, есепші болды, фермада басшылық қызмет атқарды. Екі ұл мен алты қыз тәрбиелеп өсірген абыз қария бүгінде 21 немере мен 3 шөберенің атасы. Ол ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, сондай-ақ «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» сынды бірнеше медальдармен марапатталды.

Ардагерлер – батырлықтың, жанқиярлықтың және Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі. Олардың өмір жолы – болашақ ұрпаққа өнеге.

 

Алдыңғы пост
Елімізден Үндістанға ұшатын әуе рейстері тоқтады 
Келесі пост
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен келіссөз жүргізді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu