30
Шымкентте жолақы талап еткен автобус жүргізушісі Мақсат Жолаевты жолаушы мен оның достары ұрып кеткен. Бірі жүргізушінің басынан балғамен ұрса, екіншісі кастетпен бетін жаралаған.
“Түссем, аялдамада үш жігіт күтіп тұр екен. Бірі балғамен басымнан, екіншісі кастетпен жағымнан ұрды. Жағым жыртылып кетті. Есімнен танып қалдым. Араша түскен ешкім болмады, себебі жанымда тек әйелдер тұрған”, – деді Жолаев.
Ол жедел-жәрдем көлігінде есін жиып, кейін жансақтау бөліміне түскен. Қазір іс бойынша бір адам күдікке ілініп, қамауға алынған.