Шымкентте «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

Теги: ,
246

26 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17:00-де Шымкент қаласындағы  Арбатта (Бейбітшілік көшесі 4-6) «Халық заңгері» акциясы басталады. Жалпыреспубликалық шара тек үшінші мегаполис емес, Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіндегілер хабарлады. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқалары бар.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 000-нан астам азамат консультация алды.

Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.

Алдыңғы пост
Шымкенттегі қоймада өрт шығып, бір адам күйіп қалды
Келесі пост
Браконьерлер 101 млн теңге тұратын бекіре балығын қамыс арасына жасырып кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu