Шымкентте итті көлікпен сүйреп, жұртты шошытқан ер адам анықталды

Теги: , ,
216

Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде “Opel Astra” маркалы автокөлігіне байланған итті сүйреп бара жатқан бейнежазбаға назар аударды. 

Жедел басқару орталығының инспекторлары “Қорғау” қосымшасының көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

«Құқық бұзушыны тиісті әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін деректер Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жолданды» – деп атап өтті Полиция департаментіндегілер.

Ер адамның сөзінше, ол көшіп жатқан. Автокөліктің салонында итке орын болмағандықтан, оны көлікке байлауды ұйғарыпты. Жүргізушіге қатысты учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 407-2 -бабы (Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі. Сонымен қатар, ер адаммен мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алдыңғы пост
Сауран ауданында 12 мектеп басшысы жауапқа тартылды
Келесі пост
Қазығұртта жергілікті тұрғынның үйінен 4 мыңға жуық түп көкнәр табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu