292
Шымкентте үш адам конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған. Олардың екеуі ем алып, үйлеріне қайтарылған. Ал бір адам, ауыр жағдайда түсіп, ес жимастан қайтыс болған.
Биологтардың мәліметтері бойынша әлемде кенелердің 54 000-нан астам түрі бар.
Олардың ішіндегі ең қауіптісі – кене энцефалитінің вирусы (TBEV). Ол орталық жүйке жүйесін бұзатын жіті жұқпалы ауруды тудырады. TBEV үшін инкубациялық кезең 21 күнге дейін болуы мүмкін, бірақ орта есеппен симптомдар кене шаққаннан кейін 10-14 күн ішінде пайда болады.
Кене шаққан кезде бірден дәрігерге көріну қажет. Кене энцефалитінің вирусының белгілері:
• жоғары температура;
• қалтырау;
•бас ауруы;
• бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну;
• әлсіздік.