101
Қаржылық мониторинг агенттігі, Шымкент қаласының аумағында криптовалюта өндіру бойынша заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырған екі азаматты ұстады.
Олар, 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, майнингтік ферма ұйымдастырған.
Күдіктілерден, жалпы сомасы 370 млн теңге болатын 1000 дана ASIC майнерлер (биткоин өндіру жабдығы) мен заңсыз өндірілген цифрлық активтер (биткоиндар) түріндегі мүлкі тәркіленді. Заң аясында 2 жылға бас бостандығынан айыруға және 2,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.
Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері қылмыстық табысы 400 млн теңгеге жуық заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 4 фактісі анықталды.