17
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында алаяқтық ісі қаралды. Сотталушылар Б. және А. ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы бойынша, яғни алдын ала сөз байласу арқылы, TikTok желісінде жалған жарнама жасап, 13 адамды алдап, ақшаларын иемденгені үшін айыпты деп танылды.
Сотта олар кінәсін мойындап, залалды өтеген. Жәбірленушілер кешірім берген. Сот әрқайсысына 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.