Шымкентте жаңа форматтағы мектептер салынады

Теги:
227

Қазақстанда ұлттық жоба аясында 800 мың орындық мектептер салынады. Үкімет үйінде өткен кеңес барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов “жайлы мектеп” ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берді.

Премьер-Министр Мемлекет басшысы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің отырысында “жайлы мектеп” Ұлттық жобасының негізгі тәсілдерін мақұлдағанын, оның шеңберінде 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланғанын еске салды.
“Біз осы ұлттық жобаны іске асыруға жедел кірісуіміз керек. Сонымен қатар, бүгінде өңірлердегі 143 мектеп үшін учаскелерді анықтау бойынша мәселелер шешілген жоқ. Бұл жұмысты барынша жеделдету қажет: қазан айының соңына дейін құрылысы 2023 жылға жоспарланған мектептер бойынша және жыл соңына дейін – 2024 жылға жоспарланған мектептер бойынша мәселені шешу керек”, – деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, ол оқу процесін цифрландыруды жеделдету қажеттігін атап өтті.

“Осыған байланысты оқулықтарды цифрлық форматқа ауыстыруды және балаларды ауыр рюкзактардан түсіруді жүзеге асыру қажет. Сондай — ақ, өңірлердің әкімдіктері оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуі керек, атап айтқанда, “Қазақстан халқына” қорымен бірлесіп, оларды ауылдық мектептердің балалары үшін сатып алу мүмкіндігін пысықтау қажет”, – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Соңында ол Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп еліміздің барлық мектептерін сапалы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үшінші мегаполисте биыл 7020 орындық он үш мектеп салынуда. Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 3900 орындық төрт мектеп пайдалануға берілді.
Самал-3 шағынауданында 1200 орындық екі мектептің, Асар-2 шағынауданында 1200 орындық бір мектептің, сондай-ақ Абдилабад тұрғын алабында 300 орындық екі мектептің құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айында 300 орындық № 23 мектепке қосымша құрылыстың құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін №17, №62, №84 мектеп ғимараттарын, сондай-ақ өнер мектебінің ғимаратын пайдалануға беру жоспарлануда. Айта кетейік, олардың әрқайсысының сыйымдылығы 300 орынды құрайды.

Қалған 1920 орындық төрт мектептің құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жыл соңында апатты мектептер саны бір, үш ауысымды мектептер саны екіге азаяды.

Шымкент қаласының әкімі Мұрта Әйтенов ОКҚ брифингінде хабарлағандай, 2023 жылы ҚР үшінші мегаполисінде үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілетін болады.

“Білім беру жүйесіндегі орын тапшылығын жою мақсатында Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін елімізде 1000 мектеп салуды тапсырды. Тапсырмаға сәйкес Шымкент қаласында 101 мектеп салу көзделген. 2021 жылы 25 мектеп пайдалануға берілді, 2022 жылы 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9 – дан 5-ке дейін, ал бейімделген мектептер саны 4-тен 3-ке дейін азаяды. 2023 жылы қалада үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілетін болады”, – деді Әйтенов.

Алдыңғы пост
Осы қыста шымкенттіктер көмірсіз қалмайды
Келесі пост
33 жастағы ер кісі әйелге шабуыл жасап, алтын алқасын жұлып алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu