Шымкенттен 200-ден астам отбасы үй көмегін алды

Теги: , ,
305

Шымкентте жыл басынан бері 200-ден астам отбасы тұрғын үй көмегін алды. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға жергілікті бюджет есебінен коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге 14 миллион теңгеге жуық жәрдем көрсетілген.

Әкімдіктің мәліметінше, тұрғын үй көмегін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тағайындайды. Өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «e-gov» порталы арқылы жолдауға болады.

«Тұрғын үй көмегіне үміткер меншік иесі болуы керек және меншігінде бір үйден артық баспанасы болмауы қажет. Әлеуметтік көмек түбіртек бойынша коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығын отбасының бір айдағы жиынтық табысының 5 пайыздан астамын құраған жағдайда тағайындалады» делінген әкімдік таратқан мәліметте.

Көмекке мұқтаж азаматтар жеке басын куәландыратын құжат, жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманы, балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтерді ұсынуы қажет. Сонымен қатар банктік шот, коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер, алдыңғы тоқсандағы түбіртектер мен телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесін тапсырулары керек.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте “Отбасы банк” АҚ жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату бағытына қатысуға өтініштерді қабылдауды бастағаны туралы хабарланды. Бағдарлама «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» шеңберінде жүзеге асырылады.

Сатып алушылардың тізімдерін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 12.09.2023 жыл.

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Пулға қатысу туралы өтінішті Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында беруге болады.

Өтініштер кезекте тұрған банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша ғана қабылданады:

1) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар;

2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

3) жетім балалар, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) толық емес отбасылар (2022 жылдың негізгі тізімінен “Бақытты отбасы” бағыты бойынша қатысушылар).

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Алдыңғы пост
Композитор Ержан Серікбаевтың ұлы арқанға асулы тұрған қызды құтқарып қалды
Келесі пост
Елімізде шай мен кофе бағасы айтарлықтай қымбаттаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu