142
Тергеу барысында ҚМА қызметкерлері бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілді. Нәт жесінде, жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткі заты екенін расталды.
Сондай-ақ, аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды. Бұдан бөлек,оның сыбайласы да анықталды. Одан 13 100 жалған АҚШ доллары тәркіленді. Ал тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылды.
Қазіргі таңда, сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, оларға 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.