Шымкенттік көп балалы отбасы үйсіз қалмақ

48

Шымкенттік көп балалы отбасы көп ұзамай үйсіз қалуы мүмкін. Роза Бұланбаева есімді тұрғын 2014 жылы Нұртас шағын ауданынан жер алып, баспана тұрғызған. Қазір зейнеткер ата-анасы және бес баласымен осы үйде тұрып жатыр. Бірақ, бір күнде баспанасынан айырылып қаламын ба деп алаңдаулы.

Себебі, оның айтуынша, үйі орналасқан жер теліміне өзге біреудің атына құжат рәсімделіп кеткен. Даудың басы — Шымкент пен Түркістан облысы бөлінген кезеңде Құлагер көшесіндегі бірнеше жер учаскесінің шекарасы ығысып кеткенінен басталған. Салдарынан, 952-ші жер телімінен кейін тікелей 954-ші нөмірлі үй тіркеліп, арадағы бір жер ауада қалған. Бұланбаеваның сөзінше, оның қолында барлық заңды құжаттар — жерді сатып алу шарты мен мемлекеттік акт бар. Алайда, қазір өзін үйден шығару талап етіліп отыр.

РОЗА БҰЛАНБАЕВА, Шымкент қаласының тұрғыны:

«Біз 2014 жылы шақырған кезде коуч қаққан кезде, неге жерді дұрыстап бермеді? Солардың рұқсатымен там салып жатырмыз ғой. Бар ақшамызды осы тамға салдық. Кімнің үйіне сыямыз. Ол айтып жатыр, мировойға келейік дейді. Жыл сайын 2 млн беріп отырыңыз дейді. Мен оларға қашанғы беріп отырамын, қашанғы асыраймын оларды? Менің 2014 жылы алған жерім қайда мысалы?»

Мәселеге қатысты, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігі мен қалалық жер қатынастары басқармасы да пікір білдірді. Айтуларынша, бұл даулы іс бойынша әкімдік сот процесіне тартылмаған, сондықтан мән-жайды толық білмейді. Дегенмен, мұндай жағдайда жердің заңдылығы мен меншік құқығы тереңірек зерттелуі қажет дейді.

АЛМАС ҚАМБАРОВ, Шымкент қалалық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

«Шымкент қаласы әкімдігі тартылмаған. Сондықтан, бұл мәселеден бейхабар болып отыр. Соттың актісін зерделеу барысында мен мынадай тұжырымға келіп отырмын: Жер ресурстарын басқару департаментіне жүгіну қажет. Бұл 953 жер учаскесі қалай пайда болды? Оның пайда болу құқығын зерделеу керек. Себебі, зерделенбей қалған болуы да ықтимал.»

Қазір әкімдік бұл оқиғаға жіті мән беріп, мән-жайды анықтаймыз деп отыр. Алайда, Роза Бұланбаева үшін уақыт тығыз. Өйткені, 4 шілде күні үйді бұзу туралы жеке сот орындаушыларының шешімі шыққан.

Бүтіндей бір отбасының тағдыры қыл үстінде тұр.

Алдыңғы пост
Қазақстан халқы 20 миллионнан асты
Келесі пост
Мемлекет басшысы Астанадағы АӨСШК штаб-пәтеріне барды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu