Шымкенттік төтенше жағдайлар департаментінің бірқатар мамандары баспаналы болды. Сондай-ақ, апатты жағдайлармен бетпе-бет келетін қызметкерлер жаңа техникаға қол жеткізді. Нақтырақ айтар болсақ, 24 қызметкер баспаналы болды. Ал, жалпы департамент мамандарына 44 су жаңа техника табысталды.
Қазіргі заманда өрт сөндірушілер, түрлі техниканы, арнайы құралдарды меңгеріп, күрделі апаттарда жұмыс істей алатын деңгейде болуы керек. Сондықтан, оларды жаңа техникамен қаматамасыз ету біздің, жергілікті биліктің міндеті дейді, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.
ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен азаматтық қорғау жүйесінің материалдық базасы кезең-кезеңімен нығаюда. Бүгін міне Шымкент қаласында рекордтық көлемде техника табысталуда. Бұрын соңды болмаған техника табысталды. Бұл құтқарушылардың жұмысын заманауи деңгейге көтеретін аса маңызды қадам. Құтқарушылар тек, техника жағынан емес, киім жағынан да қамтамасыз етілді»
Бұл салада қызмет ету үшін арнайы дайындықтан өтіп, физикалық және психологиялық тұрғыдан мықты болу керек. Себебі, өрт сөндіру бөлімінде қызмет ету қауіп пен қатерге толы, бірақ сонымен қатар үлкен құрметке ие жұмыс.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, Шымкент қаласының әкімі:
«Ең алдымен бұл сіздердің еңбектеріңіздің бағалануы. Одан бөлек, басында айтып өткенімдей, министрліктің сіздерге деген қолдауы деп білеміз. Жалпы соңғы жылдары өздеріңіздің материалдық базаларыңызды толықтырып жатырмыз. Одан бөлек, жаңа депо бердік. Тағы да салынып жатыр. Арнайы орындар, оның бәрі тікелей ел басшылығының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан дүниелер»
Айта кетейік, ТЖД-ның 25 қызметкері «Qamqor» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы аясында берілген жаңа пәтерлердің кілттерін алды. Сондай-ақ, Қазақстандық құтқарушылар қорының қолдауымен қызметкерлерге жаңа нысанды киім-кешек берілді. Бұдан бөлек, қызметкерлерге 40 су жаңа техника табысталды.