192
Шымкенттік төрт азамат, досының “Гей Шымкент” аталатын топқа қосылғаны үшін әбден азаптап, қорлық көрсеткен. Олар, жігіттің иығына аяусыз үтік басып, аяқ-қолын орындықпен ұрған. Мұнан соң, “педофилия жасадым” деген сөзді айтқызып, видеоға түсіріп, 500 мың теңге бопсалаған.
Жігіт, сұраған ақшаны берем деп, күдіктілерден қашып құтылған. Бірден полицияға шағым түсірген. Жедел түрде әреке еткен полицейлер, айыпталушыларды ұстады.
Қазіргі таңда, күдіктілер тиісті жазасын алуда. Яғни, сот айыпталушының бұрынғы соттылығын ескере отырып, ең белсенді екі қатысушыны төрт жарым және үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Қалған екі сыбайлас үш жыл мерзімге пробациялық бақылауға алынған.