21
Жедел желіге, Өскемендік тұрғын хабараласып, Лихарев көшесіндегі бір қабатты ғимаратта өрт шыққанын жеткізген.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Суды үздіксіз беру ұйымдастырылды. Нәтижесінде, ғимаратты шарпыған қызыл жалын оқшауланды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазіргі таңда, өрттің шығу салдары анықталуда.