Сорбұлақта жоғалған әскери тікұшақ бойынша іздестіру жұмыстары жалғасуда

55

25 шілде күні, Алматы облысында Eurocopter EC‑145 (H145) әскери тікұшағы оқу-жаттығу рейсі кезінде радардан жоғалып кетті. Тікұшақ Сорбұлақ су қоймасы бағытына қарай ұшқан. Сол уақыттан бері экипажбен байланыс үзілген.

Ертеңіне, яғни 26 шілде күні спутниктік бақылау нәтижесінде су бетінде майға ұқсас дақтар байқалып, іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.  Анықталғандай, Сорбұлақ көлінің маңынан тікұшаққа тиесілі болуы мүмкін бөлшектер табылды. Алайда, ресми органдар бұл фрагменттердің жоғалған тікұшаққа нақты қатысы бар-жоғын анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізуде.

Іздестіру шараларына 400-ден астам адам мен 70-ке жуық техника жұмылдырылған. Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және жергілікті атқарушы органдар жұмыла әрекет етуде. Қайықтар, суасты дрондары, эхолоттар және арнайы жабдықталған сүңгуірлер тартылған.

Алайда, Сорбұлақ су қоймасының тереңдігі кей жерлерде 22 метрге жететіндіктен және су бетіндегі ластану деңгейі жоғары болғандықтан, іздестіру жұмыстары біршама қиындыққа тап болып отыр.

Қазіргі уақытқа дейін тікұшақ экипажы табылған жоқ. Іздеу шаралары тәулік бойы үздіксіз жалғасып жатыр. Экипаж мүшелерінің туған-туыстары да Сорбұлақ маңында болып, құтқару шараларына қатысуда.

Ресми органдар апаттың нақты себептерін анықтау мақсатында қосымша сараптамалар мен техникалық тексерулер жүргізіп жатыр.

Алдыңғы пост
Жамбыл облысында құтқарушылар жолда жүкті әйелді босандырып алды
Келесі пост
Шымкентте жоғалған бала табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu