246
29 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың сотқа уақытында жеткізілмеуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев мәлімдеді.
Себебі техникалық мәселе болды. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Ол аяқталсын. (Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотқа уақытында жеткізілмеуіне, – автор) көлік себеп болған. Ол от алмауы, бұзылуы немесе дөңгелектің желі шығып кетуі мүмкін, – деді Айдос Рысбаев.