Қазақстан мен Италияның әскери альпинистері Нұрсұлтан шыңын бағындырды

228

​Италия Қарулы күштерінің альпинистерімен тәжірибе алмасу аясында Тұйық-Су шатқалынан – Мыңжылқы үстірті – Нұрсұлтан шыңы бағыты бойынша төрт мың метрге (4330,9 м) шықты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиын Тау дайындығы оқу-жаттығу орталығында қазақстандық Арнайы операциялық күштер әскери қызметшілері мен таудағы практикалық операцияларда тәжірибесі бар итальяндық нұсқаушылардың қатысуымен өтті.

Аталған шара жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде әскери қызметшілердің тау дайындығы мен төзімділік деңгейін арттыруға бағытталған. Сабақта бөлімшелердің таудағы қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінді. Жиын қатысушыларына тиісті сертификаттар табыс етілді.

Бұл Қазақстан мен Италия арасындағы әскери ынтымақтастықтың алғашқы тәжірибесі емес. 2013 жылы шілде айында еліміз Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бөлімшелері Италияның Альпі тауларында өткен тау бөлімшелерінің «Фальзарего» оқу-жаттығуына қатысқанын айта кету керек.

Алдыңғы пост
Қазақстанның 360 ағаш өңдеу кәсіпорны 22 млрд теңгенің өнімін шығарды
Келесі пост
Америкалықтар Маңғыстау облысында тұщы су тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu