Күтпеген жерден: Қазақстандық cотталушылар шахматтан әлем чемпионатының үздік бестігіне енді

194

Қазақстанның түзеу мекемелеріндегі мерзімдерін өтеушілер шахматтан сотталғандар арасындағы құрлықаралық чемпионатта үздік бес команданың қатарына енді. Жарыстар онлайн форматта өтті, деп хабарлайды Elitar.kz Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасай отырып.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Қазақстан шахмат федерациясының көмегімен Қазақстанның сотталған азаматтары шахматтан бас бостандығынан айырылғандар арасындағы әлем чемпионатына қатысты.

Шахмат федерациясының мәліметінше, 13 қазанда Қазақстан өкілдері жалпыкомандалық есепте 4-5-орындарға ие болды. Жүлделі орындар Моңғолия (1-орын) және Үндістан (2, 3-орындар – екі команда) шахматшыларына бұйырды. Бізден кейін Филиппин, Аустралия келе жатыр, үздік сегіздікті Қырғызстан жапты.

“5 қазанда түзеу мекемелерінен ең мықты екі команданы іріктеуден бұрын алдын ала кезең өткізілді – 56 қатысушы арасында онлайн іріктеу өткізілді, FIDE Халықаралық шахмат федерациясының қолдауымен өткізілетін чемпионатқа қатысу үшін командалардың құрамына кірген сегіз үздік шахматшы анықталды. Федерация ретінде біз үшін әлеуметтік құрамдас бөлігі де өте маңызды. Бұл барлық адамның өмірлік жағдайларға қарамастан осындай ауқымды шараларға қатысуына мүмкіндік береді. Біз үшін сотталғандардың қоғамға одан әрі бейімделуіне өзіндік бағыт-бағдар беру – үлкен әлеуметтік жауапкершілік. Қатысушылардың барлығы осындай жаһандық маңызы бар шараға қатысу мүмкіндігіне ие болғандарына ризашылығын білдірді”, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Әнуар Исмағамбетов

Қазақстан атынан 56 қатысушының арасынан онлайн іріктеуден өткен екі команда (сегіз үздік шахматшы) қатысты.

Алдыңғы пост
​ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Шымкентке іссапармен келді
Келесі пост
QR қош келдің. Қазақстандықтар жақында ЭЦҚ-мен мәңгілікке қоштасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu