Ұлттық құраманың жаттықтырушылары бұдан былай нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін жазаланатын болады

306

2021 жылғы желтоқсанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Токиодағы 2020 Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында жаттықтырушыларға қатысты санкциялардың болмауы спорттық жарыстарда медальдар мен жүлделі орындарды жеңіп алу бойынша спорттық қызмет туралы шарттарда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген кезде оларға қатысты шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтіні анықталды.

Осыған байланысты, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне спорттық қызмет туралы шарттарда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін жаттықтырушыларға қатысты санкциялар белгілеу мүмкіндігін қарау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК жаттықтырушылармен (бас жаттықтырушылар) және спортшылармен жасалатын спорттық қызмет туралы үлгілік шарттар бекітті.

Бас жаттықтырушылармен бекітілген үлгілік шарттардың талаптарында тиісті шарттың көрсеткіштері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде шарт шеңберінде төленетін сомалардың 50% – дан аспайтын сомасын өтеу жолымен жауапкершілік көзделген.

Дерек көзі: Счетный комитет

Алдыңғы пост
Әлемдегі ең бай елдің басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Келесі пост
​Асхат Аймағамбетов Шымкентте: балабақша тәрбиешілерінің жүктемені азайту және жалақысын арттыру жоспарлануда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu