Сенатор отандық спорт саласындағы қалыптасқан жағдайды сынға алды

360

​Парламент Сенатының депутаттары Ғалиаскар Сарыбаев, Талғат Мұсабаев, Дана Нұржігіт және тағы екі халық қалаулылары еліміздің с порт саласындағы жағдайды сынға алды. Бұл туралы ол өзінің депутаттық сауалында Қазақстан Премьер-Министрінің есімін мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz ҚР Сенатына сілтеме жасай отырып.

“Өкінішке орай, қазіргі уақытта елімізде жаттықтырушылар балаларды ерте жастан бастап спортқа тарту тенденциясын қалыптастырды. Мұндай үрдістер жекпе-жек түрлерінде көптеп белең алған. Тіпті, қазіргі кезде елімізде белгіленген жас ерекшеліктерінің мүлдем сақталмай отырғандығына назар аударғымыз келеді”, – дейді сенатор.

Халық қалаулысының пікірінше “Тағы бір ескеретін жағдай, балалар мен жасөспірімдердің жылына қанша жарысқа қатысуға болатындығын белгілейтін нормалар болған және қатаң қадағаланатын. Тіпті, нокдаун алған спортшы үшін жарты жылға дейін «спарингке» тыйым салынған. Қазіргі уақытта осы нормалар біздің елімізде қабылданбаған”.

“Спорттың әртүрлі жекпе-жек саласындағы аталған жағдайлар федерациялардың өз бетімен бей-берекет ашылып, жұмыс істеп жатқандығының әсері”, деп налиды парламентарий.

“Елімізде біз білетін бір ғана каратеден 22, таеквондодан 6, аралас жекпе-жектен (ММА – Mixed Martial Arts) 4 республикалық федерациялар бар”, – деген статистикалық мәліметтерді келтірді.

Ғ.Сарыбаевтың мәліметеінше, “Тұрғындарының денінің саулығын ойлаған мемлекеттерде азаматтардың спортпен қай жастан бастап айналысуға рұқсат ететін шектеулер қабылдаған. Бұл жас шектеулерді дәрігерлер, физиологтар, психологтар, арнайы ғалымдар мен мамандар мыңдаған балалардың жас ерекшелігін, физиологиялық дамуын, әр кезеңдегі психологиялық жағдайын түбегейлі зерттеу, тұрақты бақылау арқылы анықтап, бекіткен. Бұл талаптар спортшының жалпы дене дайындығының жақсы жетілуіне, жарақаттың аз және спорт нәтижесінің үздік болуына әсер еткен”.

Депутат “Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров күреспен, Валерий Рязанцев бокспен шұғылдануды 18 жасында, Олимпиаданың күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков 17 жасында, Бекзат Саттарханов 15 жасында бастаған” деп мысал келтірді.

ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңының кейбір нормаларының жетілмегендігі, Халықаралық олимпиада комитеті тарапынан қолдау болмаған спорт түрлеріне Ұлттық олимпиада комитетінің тану сертификатын таратуы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен «Спорт федерацияларын аккредитациялау туралы» ережеде жергілікті федерацияның республикалық федерацияға мүшелігі қарастырылмағандықтан бұл салада кемшіліктер орын алуда, деп мәселені ортаға салды сенатор.

“Оның сыртында мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды іске асыру, “Артспорт” платформасын және оның аналогтарын мемлекеттік деректер базасымен сапалы интеграциялау, платформа арқылы ваучерлер беру, спорт үй-жайларға қойылатын талаптарды қатаңдату бойынша толық жұмыстар атқарылмаған”, деп ашынады депутат.

Көптеген халықаралық, республикалық және жергілікті жерлерде өтетін жарыстарда кейбір әділетсіз төрешілердің кесірінен таланты жастарымыздың сағы сынып, спортпен қоштасуда.

Мектеп, кәсіптік, жоғары оқу орындарында спорт федерацияларының рөлі күшейтіліп, жеңіл атлетика, үстел теннисі, футбол, волейбол, баскетбол және басқа да ойын түрлері бойынша лига жарыстарын дәстүрлі түрде ұйымдастыруды қолға алған жөн”, – дейді Ғ.Сарыьаев.

Бүгінгі күні елімізде дене шынықтыру және спортпен 6,5 млн. адам айналысады немесе тұрғындарының 34,3 % құрайды екен.

Ал бұл көрсеткіш Дания, Норвегия, Швейцария, Германия мемлекеттерінде 60-65% құраса, Финляндияда 80%-ға жеткен.

Тғы бір қызық мәлімет, жақында өткен арнайы «Дөңгелек үстелге» қатысушылар жыл сайын әскерге шақырылатын азаматтардың денсаулығын қатысты мәселелерді көтеріп, алаңдаушылық білдірген.Сөйтсе, былтыр әскерге шақырту алған 80 мыңнан астам азаматтың 10%-ның денсаулығы әскери борышын өтеуге жарамаған. Олар негізінен ішкі ағза, хирургиялық, неврологиялық, көз ауруларына байланысты мерзімі кейінге шегерген.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сүйенсек, ауылдарда 7,8 млн адам тұрады, оның 42,7% (3,3 млн адам) тыныс алу ағзалары, қан айналым жүйесі ауруларынан, қатерлі ісіктерден, 4,6% жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан зардап шегеді, 1% онкологиялық ауруларды құрайды. Ал оған қала тұрғындарының арасындағы ауруларды қоссақ, бұл көрсеткіштің өсетінін байқаймыз.

Алдыңғы пост
​Мурат Айтенов проинспектировал строительство стратегического объекта
Келесі пост
Ақтөбенің ірі бассейнінде 5 жыл бойы су ауыстырмаған, тек хлорлап отырған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu