Стамбұлда қуатты жер сілкінісі сезілді

18

Апат ошағы Стамбұлдың батысынан 80 шақырым жерде 6,92 шақырым тереңдікте орналасқан.

Зілзала магнитудасы — 6,2. Одан кейін әлсіздеу дүмпулер болды. Мұны елдің Төтенше жағдайлар басқармасы да растады.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның мәліметінше, үш ғимарат жартылай құлаған. Жедел желіге 374 қоңырау түсіп, оның 33-і көмек сұраған.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін, 2023 жылдың ақпан айында Түркияда 7,8 және 7,5 балдық жер сілкінісі болған еді. Салдарынан 53 мыңнан астам адам қаза тауып, кейбір қалалар толығымен қираған

Алдыңғы пост
БҚО-да 1249 баланың құқығы бұзылған
Келесі пост
Көкшетауда полицейлер бопсалаушылар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu