31
Түркістан облысы, Шардара су қоймасына екі балықшы резеңке қайықпен балық аулауға шыққан. Қараңғы түсіп, адасқан жігіттер жағалауға жете алмай, 112-ге көмек сұрап хабарласқан.
Құтқарушылар оқиға орнына тез жетіп, 1986 ж.т. ер адамдарды жағадан 1 шақырым жерде тауып, жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмеріне хабар беріңіздер.