Су қоймаларында су тасқынының алдын-алу шаралары жүргізілуде

69

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 10 сәуір күнгі жағдай келесідей:

Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 57,87 текше метр, Сілеті су қоймасынан 81,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 8,75 текше метр су жіберілуде.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 510 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 350 текше метр су жіберілуде.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 1250 текше метр су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 60 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберілуде.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 41,48 текше метр су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 811,3 текше метр, Петропавл су қоймасынан 1020,4 текше метр су жіберілуде.

Алдыңғы пост
«Таза Қазақстан»: «Жасыл аула» акциясы аясында 17 мың ағаш отырғызылды
Келесі пост
Жамбыл облысында бес баланың анасы жеті жыл бойы алимент төлемеген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu