306
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, Республика бойынша 43015 адам өз үйлеріне оралды. Сонымен қатар, 6338 адам эвакуациялау пункттерінде.
Бұдан бөлек, Республика бойынша 7710 жеке тұрғын үй мен 2844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. «Жедел желі» телефондарына 2261 қоңырау түсті.
Ал, жалпы жағдайға келер болсақ, Шығыс Қазақстан облысында Коробиха өзенінде су деңгейінің көтерілуі, Катон-Қарағай ауданының Коробиха ауылының маңында да байқалды. Тек екі жеке аула учаскесін су басты. Қазіргі уақытта Коробиха өзеніндегі су деңгейі төмендеді. Гидрологиялық бекеттер әр 4 сағат сайын өлшеулер жүргізеді. Жағдай ҚР ТЖМ құтқарушыларының бақылауында. Өзен арнасы бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.