293
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы жағдай бойынша, Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда. Тәулігіне 3300 дана қап төселді. ТЖД және ҚР 20982 әскери бөлімі жұмыс жасауда. Үйінді қорғаныс құрылысының ұзындығы шамамен 14 шақырымды құрайды.
Сонымен қатар, ТЖМ құтқарушылар тобы Атырау облысы, Құлсары қаласында, Махамбет ауданының Жалғансай ауылында және Индер ауданында су айдау жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі таңда шамамен 7 мил. текше метр су айдалды. Соңғы тәулікте шамамен 205 мың текше метр тасқын сулары айдалды.
Айта кетейік, демалыс күні толассыз жауған жаңбырға байланысты, “Жедел желі” іске қосылды. Яғни, тәулік бойы 45-41-47, 45-07-00, 45-14-75 нөмірлері бойынша жұмыс істейді.