171
Абай облысы Үржар ауданында қайғылы жаңдай тіркелді. 23 жастағы азаматты тасқын су ағызып алып кетті.
Осылайша суға кеткендер саны төрт адамға жетті. Құтқарушылар Аягөз ауданында ағып кеткен үш адамды да бір аптадан бері таппады.
Айта кетейік, бірнеше күннен бері, елде төтенше жағдай орын алып, ауылдарды су басқан болатын. Соңғы мәліметтер бойынша 14 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Уақытша орналастыру орындарына 6 мыңға жуық адам жайғастырылған. 40 автожолды, көпірді су шайған болатын. Қазіргі таңда, зардап шеккен тұрғындарға, жан-жақтан гуманитарлық көмек жіберілуде.