Су тасқынынан 116 мың адам эвакуацияланды

324

Еліміздегі апатты жағдайға байланысты 116 мыңнан астам адам құтқарылды. Оның 41 мыңға жуығы балалар. Сонымен қатар, 16 мың адам өз үйлеріне оралды. Ал 6 950 адам, оның ішінде 3 113 бала – эвакуациялау пунктерінде орналастырылған.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жедел шаралардың арқасында тұрғындар мен үй жануарларын эвакуациялау алдын ала жүргізілді.

«Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 709 тұрғын үй мен 2 475 аула аумағынан су бұрылды. 5 837 жеке тұрғын үй, 1 353 аула аумағы су астында қалуда. 9,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,9 млн қапшық және 1,4 млн тонна инертті материал төселді.

Зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 3 577 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Жедел желіге түскен 1 857 қоңырау пысықталды. ТЖМ Апаттар медицинысы орталығының психологтары жергілікті жерлерде және жедел желі телефондары арқылы азаматтарға шұғыл психологиялық көмек көрсетуді жалғастыруда», – делінген хабарламада.

Алдыңғы пост
Салтанатты соққыға жыққан азамат қамауға алынды
Келесі пост
Елімізде су тасқыны салдарынан 7 адам қаза тапты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu