10
21 тамыз түні кешкі уақытта, ТЖД құтқарушыларына шұғыл қоңырау түсті. Хабарламада жастар тау шыңында жоғалып кеткені айтылған. Оқиға орнына құтқарушылар аттанып, екі жасөспірімді іздестіру жұмыстарын жүргізді.
«21 тамыз кешке олар Шукур асуы арқылы түсе бастағандарын хабарлаған. Соңғы байланыс 21:30-да тіркелді. Кейінірек телефон мен шам қуаты таусылып, қараңғыда қозғалу мүмкін болмады. Құтқарушылар бірнеше сағат ішінде таулы аймақты қарап шығып, жасөспірімдерді тапты. Олардың тауға арналмаған аяқ киім кигені анықталды»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Қазір балалар аман-есен құтқарылып, ата-анасына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болмады.