64
Жер сілкінісі 3 маусым күні таңертең орын алды. 5,8 балдық зілзаланың салдарынан 69 адам түрлі дене жарақатын алған.
Ресми мәліметтер бойынша жерасты дүмпулері Эгей теңізінде, Мугла курорттық қаласынан небәрі 10 шақырым жерде тіркелген.
Мугла провинциясының губернаторының айтуынша, 69 адам медициналық көмекке жүгінген. Ал өзін құтқарамын деп биіктен секірген 14 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмды.