208
Түркістан облысында фотоға түспек болған қыздың денесі іздестіріліп жатыр.
Ресми мәліметке сәйкес, 28 шілде күні төтеншеліктерге Сайрам-су таулы өзені маңынан сағат 10:00-де шұғыл қоңырау келіп түскен. Хабарламада қыздың суға батып кеткені туралы айтылған. Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлаған.
“Түркістан облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады”, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қызды іздеуге Түркістан облысы ТЖД 37 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Түркістан облысы ПД 6 қызметкері және 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылды.