Түркістан облысында қуаты 1 мың мегаваттық электр станциясы салынуда

28

ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Түркістан облысы мен Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында маңызды энергетикалық нысандарды аралап, 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты деп хабарлады баспасөз қызметі.

Кентау ЖЭО-5 (Кентау қаласы)

▪️ №6 қазандыққа күрделі жөндеу аяқталды

▪️ №5 қазандықтағы жұмыс жалғасуда

▪️ Түтін мұржаларының монтажы аяқталды

▪️ Екі турбинаға ағымдағы жөндеу жоспарланған

Жөндеу жұмыстары кәсіпорын басшылығымен бірге талқыланды.

1000 МВт бу-газ қондырғысы (Түркістан облысы)

Вице-министр «ПГУ Туркестан» ЖШС салудағы электр станциясы жобасымен танысты.

▪️ Жоба маневрлік режимде жұмыс істейтін заманауи бу-газ технологиясына негізделген

▪️ Құрылыс алаңдары мен қойма инфрақұрылымы тексерілді

▪️ Шетелден жеткізілетін жоғары технологиялық жабдықтарды қабылдау жұмыстары бақылауға алынды

«3-Энергоорталық» АҚ (Шымкент қаласы)

▪️ Негізгі жабдықтардың жөндеу жұмыстары тексерілді

▪️ Генерациялау қуаттары мен жылу жабдықтарына қатысты тәуекелдерге ерекше назар аударылды

▪️ Технологиялық тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды

Жұмыс сапары ҚР Энергетика министрлігінің 2025–2026 жылғы жылыту маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы заманауи перинаталдық орталықтар құрылысын жалғастыруды тапсырды
Келесі пост
Бурабайдағы халықаралық Aqbura Bay Trail жүгіруіне әлемнің түкпір-түкпірінен 1500-ден астам адам қатысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu