Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілді

33

Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып, биыл сәуірдің соңына дейін жүргізілді деп хабарлады баспасөз қызметі.

Су Созақ ауданына ақпан айында жетті. Қажетті көлемді қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Қырғыз Республикасындағы әріптестерімен бірнеше келіссөз жүргізді.

Су ресурстары және ирригациясы министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша «Қазсушардың» Жамбыл филиалы мен Шу-Талас бассейндік инспекциясының мамандары Шу өзені аңғарында мониторинг жүргізіп, табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Жұмыс тобы Созақ ауданымен қатар, Жамбыл облысының Шу, Мойынқұм және Сарысу аудандарына да барды.

Мұндай көлемдегі су Созақ ауданына соңғы бес жылда алғаш рет жетіп отыр, сол себепті жергілікті тұрғындар министрлікке алғыс білдіріп жатыр.

«Аудан халқы атынан судың жеткізіліп жатқанына қуанышты екенімізді айтқым келеді. Аптап ыстыққа қарамастан, суды жеткізу бағытындағы жұмысты жалғастырып, өздеріңіз жергілікті жерлерге шығып, жағдайды бақылап отырғандарыңызға алғыс айтамыз»,

– деді Созақ ауданының тұрғыны Ришат Таңатов.

Биыл сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен Шу өзенінен су Созақ ауданына жіберілетін Фурманов айналма каналын тазарту жоспарланып отыр.

Алдыңғы пост
Израиль әлем бойынша барлық елшіліктерінің жұмысын уақытша тоқтатты
Келесі пост
Үндістан әуе апаты: ДНҚ сараптамасы арқылы 47 жолаушының аты-жөні белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu