Түркістанда 500 грамм болып туылған нәресте аман қалды

102

Түркістан облыстық №1 перинаталды орталығында 24 апталық кезеңде нәресте дүниеге келді. Салмағы 500 грамм, бойы 25 сантиметр болып туған сәбидің жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлердің айтуынша, сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте жансақтау бөлімінде толық емін алып шыққан.

«Туылғаннан кейін нәресте бірден жансақтау бөліміне ауыстырылды. Нәрестеге өкпені жасанды демалдыру аппараты қосылған. Сәби ҚР ДСМ хаттамасына сәйкес толық емін қабылдады. Екі айдан кейін салмағы 1700 граммға толып, нәрестелердің жоғары тәуелді бөліміне ауыстырылды. Үш айдан кейін өздігінен тыныс алды. Ары қарай нәрестеге толық күтім жасалып, 3 ай 14 тәулігінде 2760 грамм салмақпен перзентханадан шығарылды», дейді орталық дәрігерлері.

Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы бірқалыпты. Балақайдың салмағы 2760 грамм болып, облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған. Бала өздігінен дем алуда.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
Келесі пост
Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu