81
ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған 48-ден астам жүк көліктерін сүйреп шығарды.
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында Қазақстан–Түрікменстан тас жолының Жаңаөзен қаласынан 170 шақырым жерінде қарлы боран салдарынан 40-тан астам жүк көлігі тұрып қалған.
ТЖМ қызметкерлері Жаңаөзен қаласынан жетіп, көліктерді сүйреп асудан өтіп кетуге көмектесті. Жүк көліктерінің жүргізушілері өз сапарларын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, күні кеше қар құрсауында қалып қойған 34 адамға көмек көрсетілгенін жазған болатынбыз.