Тағы бір сарбаз жансақтау бөліміне түсті

102

Жамбыл облысында “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының сарбазы кеуде жарақатын алып, ауруханаға түсті. Қазіргі таңда, ол Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, жағымсыз жағдай 9 маусым күні орын алған. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сарбаздың жағдайы ауыр.

“Науқас 9 маусым күні Гвардейск әскери госпиталінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Қордай орталық аудандық ауруханасына “полисегментальды пневмония” диагнозымен жатқызылды. Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді”, — делінген хабарламада.

Алдыңғы пост
Бишімбаев пен Байжанов үкімді өзгертуді сұрайды
Келесі пост
Балабақшадан ақша жымқырған есепші сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu