Жағаұстатарлық жағдай, Бұқар жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде тіркелген. Біздегі мәліметке сәйкес, қаза болған 2 және 4 жас аралығындағы бүлдіршіндер. Олардың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар көрінеді. Ең өкініштісі, балалардың өліміне туған анасы күдікті деп танылып отыр деп хабарлайды хабарлайды Massagetkz. Безбүйрек ананың қылмысы дәлелденсе, заң аясында жазасын алады. Бірақ, бауыр еті сәбилерін неліктен өлімге қиғаны белгісіз
“Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.Қылмыстық іс Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бақылауында.Басқа ақпарат тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды”, – деді облыстық Полиция департаментінің өкілдері.
Естеріңізде болса, 7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылған болатын. Оларды да туған анасы өлтірді деген күдікке ілінген. Күдікті ана, балаларын о дүниеге аттандырған соң, құрбысына болған жайтты хабарлап, өзі өзге қаладан құрықталған. Айта кетейік, азаматша Шиелі ауданындағы білім беру ұйымында 2014 жылдан бері мұғалім қызметін атқарған. Оқиға болған күні мектеп әкімшілігіне ескертпестен жұмысқа шықпаған. Мектеп әкімшілігі ол азаматшаның ұжым, ата-аналар және оқушылармен тіл табысуы, жайлы мінезімен ерекшеленгенін айтады. Сондай-ақ педагогикалық қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бірқатар жетістікке жеткен екен. Тиісті алғыс хаттармен марапатталған.