Тамыз конференциясы-2025: «Кедергісіз білім беру: сапа мен қолжетімділік»

14

Республикалық Тамыз конференциясы аясында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» панельдік секциясы өтті. Оған өңірлік білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың өкілдері, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қатысушылар арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы негізгі мәселелерді, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау, инклюзивті ортаны дамыту, көмекші технологияларды қолдану, инклюзивті шешімдер экожүйесін, әлеуметтік қолдау мен оңалту қызметтерін талқылады. Арнайы мектептерді жабдықтау және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау мәселелері жеке қарастырылды. Панельдік секция барысында Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Лаура Бутабаева Қазақстандағы инклюзивті білім берудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындады»,- деп жазылған мәлімдемеде.

«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің бір тетігі – арнайы білім беру ұйымдары желісін кеңейту. Барлық балаларға тең мүмкіндік жасау мақсатында білім беру ұйымдарында арнайы жағдайлар жасалып, тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қазіргі таңда мектептердің 91%-ында инклюзивті білім беру жағдайлары қамтамасыз етілген», – деп атап өтті Лаура Бутабаева.

Ұлттық орталық ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жетекші ұйым болып табылады. Түрлі бұзылыстар санаттары мен білім беру деңгейлерін ескере отырып, орталық 83 оқулық пен оқу-әдістемелік кешен дайындады, инклюзивті ортада оқыту, түзету жұмыстары және жеке тәсілдер бойынша 15 әдістемелік ұсыным әзірледі. Сондай-ақ, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес бейімделген 67 типтік оқу бағдарламасы жасалды.

Секция аясында «E-ымдау» мобильді қосымшасының таныстырылымы мен әдістемелік көрме өтті, инклюзивті және арнайы білім беру туралы бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барлық балаларға арналған білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған тәжірибе алмасу және ұсыныстармен қорытындыланды.

 

 

Алдыңғы пост
Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың денесі табылды
Келесі пост
Ақтөбедегі су қоймадан екі баланың мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu