334
Қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шыққан жасөспірімдер адасып қалған. Олар, Алматы облысының Турист шыңынан табылды.
Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шыққан топтың бес жасөспірімін тапты.
Құлаған тастан жарақат алған жасөспірімге дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді. Құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды.
Кейіннен құтқарушылар қалған жасөспірімдерді тапты.