17
Astana Hub экожүйесінде тау-кен саласы үшін цифрлық шешімдер жасайтын стартаптар мен компаниялар белсенді дамып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Министр бірнеше жобаны атап өтті:
▪️Өндірісті жоспарлау мен басқаруға арналған бағдарламалық жасақтама мен платформалар;
▪️Кен орындарының сандық егіздері;
▪️Мониторинг және талдау жүйелері;
▪️Өндірістің тиімділігін арттыруға және нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған инновациялық құралдар.
«Технопаркке қатысқан сәттен бастап компаниялар 5 млрд теңгеден астам ақша тауып, 100-ден астам жұмыс орнын ашты»,— деп толықтырды Жаслан Мәдиев.