191
Ұлттық ұланның қызметкерлеріне алдын-ала жедел ішек инфекциясы, жедел респираторлық вирустық инфекциясы диагнозы қойылған деп хабарлады “Орталық” өңірлік қолбасшылығы.
“18 тамызда Теміртау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші жатқызылды, оның ішінде 31 қызметкерге жедел ішек инфекциясы және бесеуіне жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозы қойылған. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар қабылданды”, – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда барлық азаматтардың жағдайы орташа дейді дәрігерлер.
Айта кетейік, бөлімшеде СЭҚ мамандары тексеріс жүргізуде. Осыдан кейін, әскери қызметкерлердің не себепті жаппай ауруханаға түскені белгілі болмақ.