«TikTok» әлеуметтік желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды

77

«TikTok» әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін екі азамат сотталды деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.

Яғни, екі күдіктіге Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырды және өткізді деп айып тағылды. Нәтижесінде, сот шешімен 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алдын ала сөз байласу арқылы, адамдар тобымен жалпы сомасы 34 млн теңгеден астам табыс табумен «Зарик» атты құмар ойын өткізген.

Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді.

Бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енді.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Келесі пост
Астанада 200 жетім бала үй кезегінсіз қалған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu