142
Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне белгісіз әйел хабарласып, “мені өлтіргелі жатыр” деген сөзді айтып үлгереді. Ал, мұны естіген қызметкер, қоңырауды тіркеуге алудың орнына, елеусіз қалдырады.
Нақтырақ айтар болсақ, ағымдағы жылдың 9 маусым күні орын алған.
«Ақтөбелік тұрғын көлік сатуға барады. Кездесуде, автокөлікті сатып алушы оның мойнына белбеу салып, қылқындыра бастайды. Ол сол мезетте, 112 нөмеріне хабарласып үлгереді. Диспетчер, хабарламаны елемеген соң, әйел қайтыс болды»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Сот, ТЖД кезекшісін 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте, 3 жыл жұмыс істеуге тыйым салынды.
Кейіннен күдікті азамат қамауға алынып, оның гаражынан ұрланған көлік табылған.