ТЖМ 25 миллиард теңгеге 11 ұшақ сатып алмақ

77

Елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі 25 миллиард теңгеге 11 ұшақ сатып алмақшы.

Үкіметтің мәліметіне сәйкес, 2027 жылға дейін республикалық бюджеттен кезең-кезеңімен 24,8 миллиард теңге бөлінеді. Бұл мәселе республикалық бюджет комиссиясының отырысында тұжырымдамалық қолдауға ие болған. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Сатып алынатын ұшақ, төтенше жағдайлар аймақтарынан адамдарды эвакуациялау және құтқару бөлімшелерінің жедел әрекет етуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылмақ.

«Қаржы лизингі тетігін пайдалану арқылы ТЖМ материалды-техникалық базасын жабдықтау үшін 11 әуе кемесін сатып алу жоспарланып отыр. 24,8 млрд теңге мөлшеріндегі қажетті сома республикалық бюджеттен 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен бөлінетін болады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл шілде айында ТЖМ құрамындағы департамент базасында Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылған болатын. Оған Үкімет 1,6 млрд теңге бөлді. Жобаның түсіндірме жазбасында 2024-2028 жылдар аралығында бүкіл жобаны жүзеге асыруға жалпы сомасы 1 638 715 000 теңге бөлінетіні жазылған.

Алдыңғы пост
300 млн теңге: Үш тоннаға жуық қарасора тәркіленді
Келесі пост
Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуе компаниясының үстінен арыз жазды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu