21
Оқиға елорданың Байқоңыр ауданы Асан қайғы көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің бірінде орын алған.
Байқоңыр ауданы ТЖБ инспекторлары Кабдрахманов Әділет пен Талғатов Мадияр тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде ашық терезе алдында тұрған баланы байқаған. Сол сәтте Әділет баланы алдандырып, дауыстап баланың анасын шақырған, екінші құтқарушы Мадияр кіреберіс есігіне қарай ұмтылған.
Құтқарушылардың дауысын естіген баланың анасы баласын дер кезінде терезеден алып түскен. Осылайша құтқарушылар қырағылығының және жедел әрекетінің нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды.