​Әуежайдың жүк тиеушісі 1 млн теңге тұратын алтын бұйымдарды ұрлап алған

Теги:
177

Ақтауда әуежайдың жүк тиеушісі жолаушылардың жүгіндегі алтын бұйымдарды ұрлап алған. Бұл туралы Көліктегі Полиция департаментіндегілер хабарлады.

Ведомство мәліметінше, әуежай қызметкерінің заңсыз әрекеттерінен «Ақтау–Анталия» және «Ақтау–Алматы» рейстерінің екі жолаушысы зардап шеккен.

Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне «Ақтау–Анталия» бағытындағы әуе рейсінің 41 жастағы жолаушысы өзінің жүгінде болған алтын бұйымдардың (2 неке сақинасы, 2 дана сырға, білезік, алқа) ұрланғаны туралы шағымданған.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, осыған ұқсас өтініш көлік полициясына Алматы қаласының 42 жастағы тұрғынынан да келіп түскен. Ол «Ақтау-Алматы» бағытындағы әуе рейсімен үйіне ұшып келгеннен кейін жүгіне салынған алтын бұйымдардың (гауһар тастары бар сары және ақ алтыннан жасалған сырға-сақиналар) жоғалғанын анықтаған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын – 1 млн теңгеге жуық.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік сақшылары әуежайдың 30 жастағы жүк тиеушісін ұстады. Күдіктінің Маңғыстау облысының тұрғыны екені белгілі болды. Ол өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Тергеу жүргізілуде», – деді Оңай Бекеев.

Алдыңғы пост
БҰҰ Бас хатшысы: биыл бүкіл әлем бойынша 70-тен астам журналист қаза тапты
Келесі пост
​Әкімдікте істейтін танысына сенген шымкенттік оңбай алданды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu