Украинада Айдос Садықовқа оқ атқандардың бірі ұсталды

170

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратурамен ағымдағы жылдың 18 маусымында Киев қаласында орын алған А. Садыковты өлтіруге оқталу дерегі боынша қылмыстық іс тіркелген.

Украинаның құқыққорғау органдары жеделдігі мен кәсібилігін көрсете отырып, қысқа мерзімде осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтады.

Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жаканбаев пен Каратаевтың жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы қылмыстық істің материалдарын беру туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады.

Ағымдағы жылдың 21 маусымында А.М. Жаканбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды.

М. Каратаевтың тұрған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде деп хабарлады ҚР Бас прокуратура.

Айта кетейік, тергеу дерегінше, олар Қазақстан азаматы Айдос Жандосұлы Садықовты қасақана өлтіруге тапсырыс алған. Оқиға Киевтің Шевченко ауданындағы Ярмола көшесінің бойында орын алған. Бейтаныс бір жігіт әйелімен бірге авто ішінде отырған қазақстандық оппозиционер Айдос Садықовқа оқ атқан.

Алдыңғы пост
Грекияда орманды өртегендер белгілі болды
Келесі пост
Қазақстан мен Беларусь мәдени ынтымақтастықты нығайтуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu