Университетке жоғары балмен грантқа түсе алмаған студенттер билікке наразы

184

Биыл оқу жылын тәмамдаған жастар, жоғары балл жинаса да, грантқа түсе алмай отыр. Олар, университетке түсу грантының басым бөлігін су тасқынынан зардап шеккендер иеленгеніне наразы. Жас түлектер небәрі, 60-80 балмен тегін оқуға мүмкіндік алған.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, зардап шеккен аймақтардан келген үміткерлерге барлығы 5 112 грант ұсынылды. Алайда квотаны тек 1130 адам пайдаланған.  Десе де, жас түлектерге грантқа түсуге мүмкіндік бар дейді министр.

«Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар. Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз», – деп жазды Саясат Нұрбек.

Министр мыңдаған грант иесін күтетінін хабарлады:

-3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі;

-Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар;

-KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз;

-Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты;

-Жұмыс берушілердің гранттары. Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады;

-Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі;

-Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде.

Алдыңғы пост
Ғұсман Қырғызбаевқа Алматы қаласы дзюдо федерациясы су жаңа көлік сыйлады
Келесі пост
Үш күнде 68 адамнан обырға деген күдік анықталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu